Листов 1 3парағы
Нұсқа / Версия: 04
Р-А11-01
Менеджмент жүйесін қамтамасыз ету саласындағы саясат /
Политика в области обеспечения системы менеджмента
БЕКІТІЛДІ / УТВЕРЖДЕНО
Байқау кеңесінің шешімімен /
решением Наблюдательного совета
протокол от «31» марта 2020 года 01 хаттама
Менеджмент жүйесін қамтамасыз ету саласындағы саясат
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен
қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Дәрілік заттарды және
медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорын
ҚР ДСМ ТКҚС мен ҚБК «ДЗ мен МБ СҰО» ШЖҚ РМК, оның аумақтық
филиалдары және өкілдіктері дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ұдан
әрі - ДЗ және МБ) айналысы саласындағы бірыңғай жүйенің бөлігі болып табылады.
Миссиясы:
Ұлт саулығы мемлекеттің басты басымдығы.
Қазақстан халқына сапалы, тиімді және қауіпсіз ДЗ және МБ. Халықтың
денсаулығын және ДЗ және МБ сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін бағалай
отырып, сондай-ақ олардың қолжетімділігін және мультитәртіптік, ғылыми
негізделген және инновациялық тәсілдердің негізінде оңтайлы қолданылуын дамыта
отырып, онымен байланысты өмірдің сапа аспектілерін жақсарту.
Қызметтің қағидаттары:
1. Тұтынушылардың мүдделерін қорғау: ҚР ДСМ ТКҚС мен ҚБК «ДЗ мен
МБ СҰО» ШЖҚ РМК әр қызметкерінің міндеті Еуразиялық экономикалық одақтың
және Қазақстан Республикасының нарығында ДЗ мен МБ қауіпсіздігін, тиімділігін
және сапасын қамтамасыз етуге бағытталған, бұл Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету факторларының бірі болып табылады.
2. Сапаны арттыру: Барлық кезеңдерде үрдістер мен қызметтердің сапасын
үздіксіз күнделікті бақылау. Қауіптерді мониторингілеу және басқарудың нақты
және сөзсіз жүйесі.
3. Қызметкерлерге қамқорлық көрсету: Кәсіби ұжымды қалыптастыра
отырып, ҚР ДСМ ТКҚС мен ҚБК «ДЗ мен МБ СҰО» ШЖҚ РМК қызметкерге өзінің
міндеттерін сапалы орындау үшін барлық жағдайды, кәсіби және жеке өсу үшін
мүмкіндікті қамтамасыз ете отырып, баға жетпес активті қалыптастырады.
4. Үрдістерді жетілдіру: Сыртқы және ішкі мүдделі тараптардың
қанағаттанушылығын арттыру мақсатында ҚР ДСМ ТКҚС мен ҚБК «ДЗ мен МБ
Листов 2 3парағы
Нұсқа / Версия: 04
Р-А11-01
Менеджмент жүйесін қамтамасыз ету саласындағы саясат /
Политика в области обеспечения системы менеджмента
СҰО» ШЖҚ РМК орындалатын үрдістерді үздіксіз жетілдіру жүйесі қалыптасқан,
тиімді қызмет етеді және тұрақты дамиды.
5. Жаңа технологияларды енгізу: Тіркеуге дейінгі және тіркеуден кейінгі
кезеңдерде сараптаманы жүргізуде инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы тиімді,
қауіпсіз және сапалы ДЗ және МБ уақытылы қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
Негізгі стратегиялық бағыттар:
Қолжетімділігін арттыру мақсатында тіркеуге дейінгі кезеңде ДЗ мен МБ
сараптауды жетілдіру.
ДЗ мен МБ сапасын, тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында тіркеуден кейінгі кезеңде ҚР ДСМ ТКҚС мен ҚБК «ДЗ мен МБ СҰО»
ШЖҚ РМК қызметін жетілдіру.
Ұйымдастырушылық дамыту қағидаттарын жүзеге асыру арқылы ҚР ДСМ
ТКҚС мен ҚБК «ДЗ мен МБ СҰО» ШЖҚ РМК қызметін жетілдіру.
ДЗ мен МБ айналысы саласында реттеуші органдармен және ұйымдармен
халықаралық байланысты және серіктестікті дамыту.
ISO 9001:2015, ISO/IEC 17025:2017, ISO/IEC 21500:2012, ISO/IEC
27001:2013, ISO 3100:2018, ISO 37001:2016 және ISO 45001:2018 халықаралық
стандартының негізінде ҚР ДСМ ТКҚС мен ҚБК «ДЗ мен МБ СҰО» ШЖҚ РМК
менеджмент жүйесінің талаптарын орындау және нәтижелілігін тұрақты жақсарту
және (ENV/MC/CHEM(98)17 «OECD Principles of Good Laboratory Practice» («ОЭСР
тиісті зертханалық тәжірибесінің принциптері»), «Good Review Practices» («Тиісті
қарау тәжірибесі» («Сараптаудың тиісті тәжірибесі»)), GPPQCL/WHO «ДДСҰ
техникалық баяндамалар сериясы», 2010. 1-Қосымша 957,: фармацевтикалық
өнімдердің сапасына бақылау жүргізуші зертханалар үшін ДДСҰ-ның тиісті
тәжірибесі») Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2015 жылғы 9 -Қосымша,
992 техникалық баяндамасы, әрекет етуші нормативтік құжаттар ҚР ДСМ ТКҚС
мен ҚБК «ДЗ мен МБ СҰО» ШЖҚ РМК қабылданған.
Зертханалық сынақтар орталығының, Зертханалары бар сынақ орталығының
және ҚР ДСМ ТКҚС мен ҚБК «ДЗ мен МБ СҰО» ШЖҚ РМК Аумақтық
филиалдарының Сынақ зертханаларының менеджмент жүйесін жоғары, оңтайлы
деңгейде қолдау.
Қызметкерлерді үнемі оқыту және біліктіліктерін арттыру.
Материалдық-техникалық базаны дамыту реконструкция және
техникалық қайта жабдықтау, жаңа жабдықты, техниканы және аспаптарды сатып
алу.
ҚР ДСМ ТКҚС мен ҚБК «ДЗ мен МБ СҰО» ШЖҚ РМК барлық
қызметкерлері лауазымына және мәртебесіне қарамастан Еуразиялық экономикалық
одақтың, Қазақстан Республикасының заңнамасының, халықаралық стандарттардың
Листов 3 3парағы
Нұсқа / Версия: 04
Р-А11-01
Менеджмент жүйесін қамтамасыз ету саласындағы саясат /
Политика в области обеспечения системы менеджмента
және Кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтауға жауап
береді.
ҚР ДСМ ТКҚС мен ҚБК «ДЗ мен МБ СҰО» ШЖҚ РМК басшылығы осы
Саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету, оны заңдылық, шынайылық, бейтараптық
(қасақана еместік) және мүдделердің қайшылығын болдырмау қағидаттарында
барлық қызметкерлердің түсінуі мен қолдауы үшін жауапкершілікті өзіне алады.
ҚР ДСМ ТКҚС мен ҚБК «ДЗ мен МБ СҰО» ШЖҚ РМК қызметкерлері осы
Саясатты бұзған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының аумағында
қолданыстағы халықаралық келісімдерге, Еуразиялық экономикалық одақтың және
Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ ҚР ДСМ ТКҚС мен ҚБК «ДЗ
мен МБ СҰО» ШЖҚ РМК ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жауап береді.